6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерСу ресурстары және ирригация министрлігі тасқын суын қабылдау және қауіпсіз өткізу үшін еліміздің солтүстік, батыс, шығыс және орталық аймақтарындағы ірі су қоймаларынан су жіберіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
21 наурыз күнгі жағдай келесідей:
Ақмола облысында Астана су қоймасынан секундына 9,95 текше метр, Сілеті су қоймасынан 30 текше метр, Шағалалы су қоймасынан 70 текше метр су жіберілуде.
Ақтөбе облысындағы Ақтөбе су қоймасынан секундына 100 текше метр, Қарғалы су қоймасынан секундына 0,5 текше метр су жіберілуде. Былтыр реконструкция жасалған екі су қоймасы белсенді су жинап жатыр. Бүгінгі таңда екі нысан орта есеппен 55%-ға толы.
Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырма су қоймасынан секундына 575 текше метр, ал Өскемен су қоймасынан 600 текше метр су жіберілуде.
Абай облысындағы Шүлбі су қоймасынан секундына 657 текше метр су жіберілуде.
Батыс Қазақстан облысында Киров және Бітік су қоймаларынан секундына 10,1 текше метрден, Дөңгелек және Пятимар су қоймаларынан секундына 7,6 текше метрден су жіберілуде.
Қарағанды облысында Ынтымақ су қоймасынан секундына 30 текше метр, Самарқанд су қоймасынан 20 текше метр және Шерубай-Нұрадан 13,7 текше метр су жіберілуде.
Қостанай облысында Жоғарғы Тобыл су қоймасынан секундына 1,1 текше метр және Қаратомар су қоймасынан секундына 3 текше метрден су жіберілуде. Бүгінгі таңда екі нысан орта есеппен 64%-ға толы.
Солтүстік Қазақстан облысында Сергеев су қоймасынан секундына 243,4 текше метр, Петропавл су қоймасынан 50,36 текше метр су жіберілуде.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі