12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікInstagram-да Нигерияда түсірілген видео тарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Онда су алуға келген екі әйел алдымен сканерді қолданатыны көрсетілген. Видео жазбасында олар QR-кодты сканерлеген, онсыз елде су алу мүмкін емес деп жазылған. Бұл жалған.
Бұл видео желіде 2023 жылдың наурыз айында тарай бастаған болатын. Барлық жерде видеоның Нигерияда түсірілгені және әйелдер су алу үшін QR-кодты пайдаланатыны жазылды.
Шын мәнінде, бұл видео Нигерияда емес, Малавиде түсірілген. Видео кейіпкерлері кәдімгі су сататын автоматты пайдаланады. Олар QR кодын емес, су сатып алу үшін төлем жасауға банк картасын өткізген.
Мұндай автоматтар Малавиде 2020 жылдың екінші жартысында, COVID-19 пандемиясы кезінде орнатылды. Бұған дейін төлемді автоматтың жанында белгілі бір уақытта кезекшілік ететін адам алатын. Осыған байланысты суға ұзақ-сонар кезек қалыптасып, ауру жұқтыру ықтималдығы едәуір артқан. Автоматтандырылған су беру жүйелерін орнату тәулік бойы жұмыс істейді және үшінші тұлғалардың қатысуын қажет етпейді, өйткені сатып алушылар тікелей төлем жасайды. Демек, таралған ақпарат – фейк. Кадрларда Нигериядағы QR-код бойынша су беру жүйесі емес, Малавидегі кәдімгі су сататын автомат көрсетілген, - делінген Stopfake.kz сайтында.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер