23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіКелесі жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық аясында «Қазсушар» филиалдары еліміздің солтүстік, батыс, орталық және шығыс өңірлеріндегі су қоймаларында бос орынды қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгінгі таңда Қостанай, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының су қоймалары жұмысының кестесі әзірленді. Қостанай облысындағы Қаратомар су қоймасынан секундына 50 текше метр су жіберілуде.
Ақтөбе облысындағы Қарғалы су қоймасынан секундына 15 текше метр, Ақтөбе су қоймасынан секундына 0,5 текше метр су жіберіліп жатыр. Бұл ретте 23 тамыздан 1 қазан аралығында Ақтөбе су қоймасынан 107,1 млн текше метр су жіберілді.
БҚО-да Киров су қоймасынан секундына 3 текше метр, Бітік су қоймасынан секундына 13 текше метр су ағызылады. Дөңгелек су қоймасынан секундына 6 текше метр, Пятимарск су қоймасынан секундына 5 текше метр су жіберілуде.
Басқа өңірлерден айырмашылығы, Қазақстанның оңтүстігіндегі су қоймалары су жинау режимінде жұмыс істейді. Көктемде еліміздің су қоймалары 75 миллиард текше метр су жинап, еріген суды қауіпсіз өткізуді қамтамасыз етті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 15 млрд текше метрге артық. Бұл көлемнің 12 млрд текше метрден астамы тасқын су, - деді Су ресурстары және ирргация вице-министрі Нұрлан Алдамжаров.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады