6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерӨнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев SUEZ компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді, оның барысында тараптар республиканың барлық аумағында сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғырту жобаларын жүзеге асыруда бірлесіп жұмыс істеу мүмкіндіктерін талқылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Француз тарапы республикадағы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғыртуға қызығушылық танытып, саланы жаңғырту және оның қызметіне жаңа технологияларды тарту бойынша ұйымдастыру мәселелерін қарастырды. SUEZ компаниясының мамандары өз қызметінің тұсаукесерін өткізіп, суды тазартудың жаңа технологияларын тарту және одан әрі ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
SUEZ – су мен қалдықтарды басқаруда жаһандық көшбасшылықты қамтамасыз ететін тұрақты дамуға ұмтылатын француздық коммуналдық компания. Компания тұтынушыларына сенімді және инновациялық шешімдерді қолдана отырып, сумен жабдықтау және канализацияға қол жеткізуге көмектеседі.
Кездесу қорытындысы бойынша SUEZ компаниясы жобаларға қатысуға қызығушылық танытты. Сондай-ақ жобаның құрылымы, инвестиция қайтару көздері және инвестордың операциялық шығындары туралы алдын ала ақпарат алмасты.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі