Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыМәжіліс депутаты Айдарбек Ходжаназаров премьер-министр Әлихан Смайыловқа су мәселесіне қатысты депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Су мәселесі бойынша міндеттер мен жауапкершілік экология, энергетика, ауыл шаруашылығы, индустрия министрліктері мен барлық облыс әкімдіктері арасында жеке-жеке бөлініп кеткен. Олардың арасында бір жүйелі байланыс жоқ. Қазақша айтатын болсақ, қойшы көп болса, қой арам өледінің кебін киіп отырмыз, – дейді депутат.
Депутаттың сөзінше, Астананың өзінде осы мәселе шиеленісіп, жергілікті тұрғындардың ызасын тудырып отыр.
Ал ауылдың күйі қандай, сонда? Биылғы жаз аптап ыстықпен басталуда. Бүгіннің өзінде еліміздің солтүстік өңірлеріндегі ауа температурасы 48 градусқа дейін жетті. Бірқатар ауданда ылғал тапшылығы бар, ал фермерлер қуаңшылыққа байланысты сақтандыру жағдайын рәсімдеді. Суармалы егіншілік те оңып тұрған жоқ. Елімізде ағынды суларының төмендеуімен қатар суды тасымалдау кезіндегі шығын да өсіп жатыр. Оған арықтар мен каналдардың тозуы және олардың сапасыз салынуы басты себеп, – дейді ол.
Елдегі 100 шақырым текше метрге жылдық су ағынының 56%-ы елден тыс жерде қалыптасады. Демек, су мәселесінде еліміз көршілерімізге тәуелді екенін айтты.
Осындай жағдайда Қазақстанның суармалы суының жартысы су тұтынушыларға дейін жетпей, «құмға сіңіп» кетіп жатыр. Қазір бізге сарапшылардың бағалауы бойынша 7 км3 дейін суармалы су жетіспейді. Су мәселесінде бәрін бірден шешуге болмайтыны түсінікті. Бұл жағдайда «тар өткелдерді» іздеп, ең басым міндеттерді шешу керек, – дейді мәжілісмен.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары