Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыСу добынан Қазақстан ерлер құрамасы Ханчжоуда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында Ираннан басым түсіп, қола жүлдегер атанды. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Джакартадағы сары құрлық Олимпиадасының жеңімпазы жүлде жолында қарсыластан пенальти сериясында 10-9 есебімен басым түсті. Негізгі уақыт 7-7 аяқталды. Ұлттық құрама сапынан Душан Маркович, Михаил Рудай мен Срджан Вуксанович мергендігімен көзге түсіп, жеңіске үлес қосты.
Ханчжоудағы бәсекені Ұлттық құрама В тобында бастап, Гонконг пен Сингапурдан басым түсті. Екінші матчта Жапонияға есе жіберген. Сосын, ширек финалда Оңтүстік Кореяны 15-8 есебімен жеңген. Алайда жартылай финалда биылғы Азия чемпионатының жеңімпазы Қытай құрамасынан пенальти сериясында жол берді.
Біраздан кейін алтын үшін Жапония мен Қытай таласады.
Жалпы Қазақстан ерлер құрамасы Азия ойындары тарихында 1994 жылдан бері 6 мәрте чемпион атанып, бір рет үздік үштікті түйіндегенін (2006 жылы) айта кетейік.
Бұл Қазақстан құрамасы Қытайдағы ойындарда қол жетізген 76-медаль. Оның оны алтын, 20-сы күміс, 46-сы қола.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары