Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыЕліміздің республикалық жолдарындағы су басу қаупі бар учаскелерді тәулік бойы кезекшілік пен патрульдеу ұйымдастырылады, деп хабарлайды El.kz «ҚазАвтоЖол» компаниясына сілтеме жасап.
Қабылданған іс-шаралар кешені республикалық маңызы бар автожолдарда қауіпсіз қозғалысты, сондай-ақ жасанды құрылыстардың сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған. Жергілікті гидрометеорологиялық жағдайларды ескере отырып, су тасқынына қарсы іс-шаралар кешені әзірленді. Мердігер ұйымдар мен жол қызметтеріне су басу қаупін алдын алу бойынша нақты тапсырмалар берілді, - делінген хабарламада.
Өткен жылдардағы су тасқыны кезеңінің нәтижелеріне сәйкес су басу қаупі жоғары республикалық автожолдардың учаскелері анықталды.
Арнайы алдын алу шараларына:
• су өткізу құбырлары мен көпір асты аймақтарының арналарын қар мен мұздан тазарту;
• су тасқыны қаупі бар учаскелерді күнделікті тексеру;
• инертті материалдарды дайындау жатады.
Айта кетерлігі, 350-ден астам қауіпті учаске ерекше бақылауда.
Республикалық маңызы бар автожолдар ашық, су басып, шайылып кеткен учаскелер жоқ.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар