Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Kozybayev University студенттеріне «Адалдық сағатын» өткізді.
Төрт жүзге жуық қатысушыны жинаған іс-шара «Заң мен тәртіп» нарративін ілгерілетудегі, сондай-ақ жастар арасында адалдық пен парасаттылық қағидаттарын нығайтудағы маңызды қадам болды.
Облыстық департамент басшысының бірінші орынбасары Алмат Мырзалиев жастар арасында парасаттылық мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығын атап өтіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство қызметінің негізгі бағыттарына егжей-тегжейлі тоқталып, қатысушылардың назарын құқық қорғау органына түсу үшін қажетті талаптарға ерекше назар аударды.
Өз кезегінде университет басшылығы оқушыларды моральдық-адамгершілік тәрбиелеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, оның ішінде оқу орнының қабырғасында академиялық адалдық қағидаттарын бекіту және оқу процесінің ашықтығын арттыруға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған тәжірибелерді енгізу бойынша комплаенс-қызметтің қабылдап жатқан шаралары туралы хабардар етті.
Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі