Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАқмола облысында өскелең ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін нығайту жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгін Көкшетау қаласындағы жоғары техникалық колледжінің студенттері үшін өскелең ұрпақ арасында жемқорлыққа қарсы тұрақты құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған «Тәртіпті өзіңнен баста!» атты білім беру дәрісі өткізілді.
Іс-шара сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қоғамда «Заң және тәртіп» қағидатын қолдау мақсатында ұйымдастырылды.
Кездесудің негізгі мақсаты – студенттерде сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділікті қалыптастыру, белсенді азаматтық ұстанымдарды дамыту, сондай-ақ болашақта әділ қоғам құру үшін маңызды болатын адалдық пен жауапкершілік қағидаттарын нығайту.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Сағыныш Аяғанова студенттерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары туралы айтып, олармен сыбайлас жемқорлықтың жағымсыз салдарын талқылады.
Іс-шара соңында Сағыныш Аяғанова студенттерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте принципті ұстаным танытуға шақырды. Сонымен қатар, қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шағын фильм көрсетілді.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары