1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіАстанада «Таза Қазақстан» акциясы аясында есірткі граффитиімен күресуге бағытталған рейд жүргізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматы ауданы әкімдігінің қызметкерлері полиция өкілдерімен және «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілерімен бірге есірткіге қарсы күресу мақсатында акция өткізді. Олар есірткі сайттарын жарнамалайтын заңсыз белгілерді өшірді.
Әкімдіктегілер Жұмабаев көшесінің бойындағы студенттер жатақханалары орналасқан аумаққа ерекше назар аударылғанын атап өтті.
Біз астаналық жастар арасында есірткінің таралуына жол бермеу акциясын жүргіздік. Студенттер көп тұратын жатақхана маңынан есірткі сайттарының атаулары жазылған граффити табылды. Біз барлық атауларды бояп шықтық, - деді «Астана Жастары» еріктісі Индира Маремова.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай рейдтер қоғамдық тәртіпті жақсартуға ғана емес, жастарды есірткінің зиянды әсерінен сақтайды.
Тыйым салынған ресурстарға арналған жарнамаларды анықтау бойынша бірлескен жұмыс жүргізілді. Жұмабаев көшесі, 16/1 мекенжайындағы үйдің аумағында есірткі заттары туралы ақпарат анықталып, олар дереу жойылды, - деді Алматы аудандық учаскелік полиция инспекторы Асқар Бағасов.
Айта кетсек, елорданың барлық ауданында алдын алу шаралары тұрақты түрде жүргізіліп жатыр.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?