23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Астанада студенттер «Таза Қазақстан» экобастамасын қолдап, «Таза бейсенбі» акциясын өткізді. Олар өздері тұрып жатқан жатақхананың ауласын ретке келтіріп, қоқыстарды жинады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар тек тазалық пен жайлылықты сақтап қана қоймай, жастардың қоршаған ортаға ұқыпты қарауын тәрбиелейді, сондай-ақ бірлік пен жауапкершілік сезімін арттырады.
Еуразия ұлттық университетінің студенттері дәстүрді жалғастырып, алдағы уақытта да осындай акцияларға өз қатарластарын көптеп тартуды жоспарлап отырғанын жеткізді.
Қала әкімдігі бұл бастаманы елорданың басқа да жоғары оқу орындарының студенттері қолдағанын атап өтті.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік