Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекQazaq Air әуе компаниясының Қызылордадан Астанаға бет алған ұшағында жолаушылардың бірі кенеттен есінен танып, жүрегі мен тыныс алуы тоқтап қалған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сол кезде бортта болған екінші жолаушы көмекке келіп, жасанды массаж жасап, ұшақ қонғанша оны аман алып қалған.
Белгілі болғандай, адам өмірін сақтап қалған жігіттің есімі - Дінмұхамед Бектұрған, өзі студент. Бүгінде Астана медицина университетінің 7-курсында оқиды.
Борсеріктердің «Ұшақта медицина қызметкерлері бар ма?» деген сұрағын естідім. Жан-жағыма қарап ем, ешкім шықпады. Сондықтан барып көрейін деп шештім. Шамамен 50 жастағы кісіге көмек қажет болды. Ол кісі кеуде қуысының қысылуы жайлы шығымы болды. Сонан соң мен кісіге нақтылайтын сауалдар қойдым. Ауырсыну сол жақ қолына берілетінін айтты. Миокард инфаркті жайлы ойладым. Танометр алып, қан қысымын өлшесем, қан қысымы төмендеп кетіпті – 100/60. Басныда ол кісіде тахикардия болды. Бір минуттың ішінде ол кісі есінен танып қалды. Ол кісіні жерге жатқызып, жүрек-өкпе реанимациясын жасадым. Бірінші циклден соң ол кісі есін жинады, мен оған аспирин бердім. Әуежайға аман-есен қонып, жедел жәрдемге тапсырдық, - деді жігіттің өзі.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?