Бүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Астана-Алматы рейсінде денсаулығы нашарлаған жолаушы белгілі журналист Гүлмира Әбіқай болғаны анықталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Журналист бұл жайында өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Ол ұшақтағы жағдайды толық баяндап, қан қысымы кенеттен көтеріліп кеткен сәтте алғашқы медициналық көмек көрсеткен денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназароваға ризашылығын білдірді.
Таңертең әлеуметтік желіде бұл ақпарат тез тарады. Министр Ақмарал Әлназарова бортта денсаулығы күрт нашарлаған жолаушыға алғашқылардың бірі болып көмек көрсетті деген жаңалық қызу талқыланып жатыр. Бірі – сценарий, PR десе, енді бірі ол ең алдымен дәрігер, дұрыс жасаған деп пікір білдіруде.
Ал мен дәл осы рейсте, эконом-класстағы 17J орнында отырған жолаушы ретінде жағдайым қиындаған сәтте шын жанашырлық танытқан барлық жанға алғыс айтқым келеді, – деп жазды Гүлмира Әбіқай.
Еске салайық, кеше Астана-Алматы бағытындағы рейсте бір жолаушының денсаулығы нашарлап, оған бортта болған денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова дер кезінде көмек көрсеткені туралы жазғанбыз.
Бүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары15 Қазан, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді