Бүгiн, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрҮш жылдық жұмыс барысында Stopfake.kz порталы 3 мыңнан астам фейкті жоққа шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Stopfake.kz – желінің қазақстандық сегментінде жалған ақпараттың таралуын тоқтату және жалпы түсінбеушілік пен қате түсінік деңгейін төмендету, оқырмандарға сыни ойлаудың маңыздылығын еске түсіру және фейктердің қалай және не үшін жасалатынын түсіндіру үшін құрылған интернет-портал.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, Stopfake.kz сайтындағы алғашқы жарияланым 2020 жылдың шілдесінде жарық көрді. Жалпы алғанда, сайт жұмысы барысында әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тараған 3 мыңнан астам фейк теріске шығарылды.
Тек биылғы жылдың басынан бері 760 басылымның дұрыстығы тексерілді. Жалғандыққа жиі себеп болған тақырыптарды талдау барысында олардың көпшілігі вакцинацияға, коронавирустық пандемияға, қастандық жасау, 5G байланыс форматына және интернет-технологияларға арналғанын көрсетті, - делінген мәліметте.
Сонымен қатар аталмыш сайтта сарапшылармен сұхбаттар, желідегі алаяқтардың құрбанына айналмау туралы түсіндірме материалдар және жалған жаңалықтарды тануға қатысты нұсқаулар жарияланады.
Әлеуметтік желілерде немесе БАҚ-та жарияланған кез келген ақпараттық хабарламаның сенімділігіне күмән болған жағдайда, оны Stopfake.kz сайтынан тексеріп көруге болады.
Бүгiн, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова