Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіJournal of Periodontology журналында жарияланған жаңа зерттеу Жерорта теңізі диетасы қызыл иек ауруларының қаупін азайта алатынын көрсетті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
«Бір күнде тіс» клиникалар желісінің негізін қалаушы Залим Кудаевтың айтуынша, мұндай диетаны ұстанатын адамдар қызыл иек ауруларына әлдеқайда сирек ұшырайды.
Ғалымдар шамамен 200 науқастың тамақтану әдеттерін, қызыл иек жағдайын және қан құрамын зерттеген. Нәтижесінде Жерорта теңізі диетасын ұстанған адамдарда қызыл иек ауруларының даму қаупі 65%-ға төмен болғаны анықталған. Ал қызыл етті жиі тұтынғандардың мұндай ауруларға шалдығу ықтималдығы үш есеге дейін артқан.
Зерттеу нәтижелері (оларды кеңірек топта қайта тексеру қажет болғанымен) біржақты:
Көкөніс пен теңіз өнімдеріне бай, ал қызыл етті аз тұтынатын адамдардың қызыл иегі әлдеқайда сау болады.
Залим Кудаевтың айтуынша,
Жерорта теңізі диетасы - жеміс-жидек пен көкөніске, дәнді және бұршақты дақылдарға, жаңғақтар мен зәйтүн майына бай. Сонымен қатар, онда балық пен теңіз өнімдерін шамалы мөлшерде тұтыну ұсынылады. Ал тәтті мен өңделген тағамдарға шектеу қойылады.
Сонымен бірге зерттеу өсімдік тектес тағамдар ағзадағы қабынуды азайтып, бұл өз кезегінде қызыл иек саулығына оң әсер ететінін дәлелдеді.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады