Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыСтепногорск қаласында есірткі зертханасы анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Polisia.kz мәліметінше, көліктегі полиция қызметкерлері есірткі өсірумен айналысқан ер адамды ұстады.
5 ақпанда Көліктегі полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Көкшетау көлік прокуратурасының үйлестіруімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Ресей Федерациясының 37 жастағы азаматын ұстады. Ол өзінің пәтерінде марихуана өсіретін жасырын есірткі зертханасын ұйымдастырған. Аталған пәтерде оның бес баласы да тұрған, - делінген мәліметте.
Тінту барысында өсімдіктерді өсіруге арналған фитошамдар, желдеткіш құрылғылар және басқа да техникалық жабдықтар, тыңайтқыштар мен химиялық реагенттер, есірткіге ұқсас заты бар пластикалық ыдыс, марихуананың ерекше иісін шығаратын бұталар, тұқым салынған пакеттер тәркіленді.
Медициналық сараптама нәтижесінде ұсталған азаматтың каннабиноидтар қолданғаны расталды. Ол Telegram арқылы марихуана тұқымдарын тапсырыс беріп, пошта арқылы алғанын және үй жағдайында жылыжай ұйымдастырғанын мойындады.
Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабы (Құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру) бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары