6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерСтенд атудан Алматы облысында өткен Азия кубогында қазақстандық мергендер тағы бес алтын жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Olympic.kz мәліметінше, скит бағдарламасы бойынша Қазақстан командасы 5 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль еншіледі.
Әйелдер арасында Әсем Орынбай топ жарса, ерлер арасында Эдуард Ещенко көш бастады. Аралас жұптық сында Орынбай мен Ещенко финалда катарлықтарды жеңіп, ел қоржынына үшінші алтынды салды.
Әсем Орынбай, Зоя Кравченко және Адель Садақбаева үштігі әйелдер арасындағы командалық сында чемпион атанды.
Сондай-ақ, ерлер арасында Давид Почивалов, Эдуард Ещенко және Илья Пенков бірінші орын иеленді.
Ал Максим Почивалов, Артем Седельников және Владислав Заводиленко жасөспірімдер арасындағы командалық жарыста алтыннан алқа тақты.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі