Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстан темір жолы биылғы маусым айында 700-ден астам жолаушылар вагоны интернетпен қамтылатынын мәлімдеді. Бұл туралы компания басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов айтты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жалпы 2211 вагон бар
Оның сөзінше, интернет жолаушылар пойыздарына кезең-кезеңімен қосылып жатыр. Маусым айында 700-ден астам вагон интернетке қосылса, шілде айында бұл көрсеткіш 900 вагонға дейін жетпек. Қазіргі жоспар бойынша интернет шамамен 50 бағытта қолжетімді болады.
Алдыбергеновтің айтуынша, Қазақстандағы жолаушылар вагондарының жалпы саны шамамен 2211 бірлікті құрайды. Компания күзге дейін барлық вагонды интернетпен толық қамтуды жоспарлап отыр.
Жалпы, күзге дейін барлық вагонды интернетпен қамту жоспарда бар. Жұмыстар кестеге сай жүріп жатыр, – деді ол.
Интернет жылдамдығы қандай?
Соңғы жылдары пойыздардағы интернет мәселесі жолаушылар арасында жиі көтеріліп келеді. Әсіресе ұзақ бағыттарда байланыс пен мобильді интернеттің нашарлығы жолаушыларға қолайсыздық тудырады. Осыған байланысты ҚТЖ спутниктік интернет технологияларын кезең-кезеңімен енгізе бастады.
Еске сала кетейік, 2025 жылдың қыркүйегінде Burabay Express электр пойызында Starlink технологиясы арқылы интернет іске қосылған болатын. Ол кезде жыл соңына дейін Ақтөбе – Алматы және Қызылорда – Семей бағыттарында да интернет қосу жоспарланған еді. Жобада интернет жылдамдығы 250 Мбит/с-қа дейін жететіні айтылған.
Бұдан бөлек, Talgo пойыздарының Астана – Өскемен және Астана – Алматы бағыттарында OneWeb спутниктік интернеті қолжетімді болған. Оның жылдамдығы 100 Мбит/с-қа дейін жеткен.
Айта кету керек, пойыздарда тұрақты интернеттің пайда болуы жолаушылар үшін жол уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Әсіресе қашықтан жұмыс істейтіндер мен онлайн қызметтерді пайдаланатын азаматтар үшін бұл маңызды жаңалық болатыны анық.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?