29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары200 күн мен түнге созылған және үш миллиондай адам өмірлерін қиған қасіретке толы Сталинград шайқасына биыл - 75 жыл.
Осыған орай, Атырау облысы «Былина» орыс әтномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен 2018 жылдың 2 ақпаны күні Атырау мұнай және газ университетінің Әскери даңқ залында Сталинград шайқасындағы кеңес әскерлерінің ерлік көрсеткен батырлардың рухына тағзым етуге арналған еске алу шарасы өтті.
Аталмыш іс-шараға Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының басшысы Г. Шакирова, жоғарғы оқу орындарының ұстаздары мен студенттері, Атырау қалалық №17 орта мектептің оқушылары және БАҚ өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында «Сталинград – урок мужества» тақырыбындағы бейне түсірілімнен үзінді көрсетілді.
Өз сөзінде Г. Шакирова Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлмелерінде, көрме экспозициясында, Сталинград шайқасына қатысқан жерлестерімздің ерлігі мен еңбек даңқы жайында баяндайтын фото суреттері, жеке заттары сақтаулы тұрғандығы жөнінде айтты.
Сондай-ақ, іс-шара соңында студенттер тақырыпқа сай дайындалған баяндамаларын жасап, №17 орта мектептің оқушылары ерлік тақырыбына арналған өлең жолдарын оқып, іс-шараны жүрек тебірентер шумақтарымен шырайландыра түсті.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек