6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерСҚО полицейлері кезекті синтетикалық есірткі жасырушыны ұстады, деп хабарлайды El.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Петропавлдағы таныстарында және жалдамалы пәтерде тұрып жүрген, облыс аудандарының бірінің 25 жастағы есірткіге тәуелді тұрғынын ұстады. Жеке тінту кезінде қара изолентамен оралған, кристалл тәріздес зат салынған 15 орама алынды.
Тағы 25 түйіншек тұрып жатқан екінші мекенжайынан анықталды.
Сараптама алынған заттың α-PvP – «тұз» деп аталатын синтетикалық есірткі екендігін көрсетті. Жалпы салмағы 32,3 грамды құрады, бұл аса ірі көлемге жатады.
Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Жас жігіт шілде айынан «есірткі жасыруды» ұйымдастыру жолымен есірткі таратты деп күдіктеліп жатыр.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі