22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыСолтүстік Қазақстан облысының полицейлері өзге облыс тұрғындарынан синтетикалық есірткі тәркіледі. Бұл туралы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгінгі таңда есірткі бизнесімен айналысатындар буып-түюшілер мен жасырушыларды жұмысқа аларда «қауіпсіздікті» уәде етіп, полицияның қолына түспеудің жолдарына үйретеді. Бірақ есірткі таратуды бастап, жеңіл ақша табуға кіріскендерді анықтау және ұстау полиция үшін үлкен қиындық тудырмайды. Әдетте, олардың оңай жолмен ақша табуы 3 айдан аспайды.
Тәртіп сақшыларының сөзінше, синтетикалық есірткі сатумен айналысатын интернет-дүкенде дәл осындай мерзімде ғана жұмыс істеп үлгерген. Полицейлердің ақпараты бойынша, жігіттер Петропавл қаласына аса ірі көлемдегі есірткі партиясын буып-түю үшін келіп отырған. Осылайша кезекті рет келгенде жедел уәкілдер оларды Рижская көшесінде қолға түсірді. Жеке-жеке тексеру және жалға алған пәтерлерін тінту кезінде 664 грамнан астам мефедрон мен түйіншектерге, пакеттерге, тіпті ыдысқа салынған 358 грамнан астам α-PvP есірткісі тәркіленіп алынды. Тәркіленген заттың жалпы салмағы 10 келіден асты.
Кәмелетке толмаған күдікті үйқамаққа алынды, ал үлкені күзетпен қамауға алынды. Екеуі де 15 жылға бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін, – деді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Сапаров.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев