1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіСҚО полицейлері алимент төлемегендерді 3 күнде іздеп тапты, – деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Алимент төлемейтіндер мен айыппұлдар бойынша борышкерлер Солтүстік Қазақстан полицейлерінің ерекше назарында. Оларды іздестіру бойынша акцияны облыстық полиция департаментінің көші-қон қызметі бөлімшелерінің қызметкерлері өткізді.
Тайынша ауданының шалғай ауылдарының бірінде 3 жасар қызын асырауға алимент төлеуді тоқтатқан 27 жастағы солтүстікқазақстандықтың тұрғылықты жері анықталды. 27-29 наурыз аралығында аумақтық полиция бөлімшелерінің күштерін тарта отырып өткізілген акцияның 3 күнінде 9 алимент төлемейтін және алты борышкер анықталды.
– Іздестіру шаралары тұрақты негізде жүргізіледі. Қазіргі уақытта көші-қон қызметі бөлімшелерінің өндірісінде борышкерлер мен алимент төлемейтіндерге, сондай-ақ туыстық байланысын жоғалтқан адамдарға қатысты 60 іздестіру ісі бар. Оның 45-і елден тыс жерде, олар мемлекетаралық іздеуде деп жарияланды. Бұл бағыттағы жұмыс облыстық полиция департаменті басшылығының тұрақты бақылауында, — деді СҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Талғат Әбілов.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?