Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыТуризм және спорт министрінің жанындағы өңірлік спорт басқармаларының басшысын тағайындау бойынша комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Министрлік мәліметінше, отырыста Солтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшылығына ұсынылған үміткерлердің кандидатурасы қарастырылды.
Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқарма басшылығына «Есіл-СК» волейбол клубының директоры Әділ Мәкенов және Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы директорының орынбасары Қарлығаш Рамазанованың кандидатуралары ұсынылды.
Жиын барысында комиссия мүшелері үміткерлердің саладағы тәжірибесі, өңір спортын дамытуға қатысты жоспарлары, сондай-ақ спорт ғылымы мен менеджмент негіздерін меңгеру деңгейіне қатысты сұрақтар қойды, - делінген мәліметте.
Кандидаттарды жергілікті атқарушы орган ұсынады, ал тағайындау тек Туризм және спорт министрлігі жанынан құрылған комиссияның оң қорытындысын алған жағдайда жүзеге асырылады.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары