Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыСҚО, Ақмола облысы және Астана қаласының құтқарушылары мен полицейлер жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп Қызылжар ауданы Прибрежное ауылымен көлік қатынасын қамтамасыз етуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Халықты тасмалдау үшін 13 жүзу құралы жұмылдырылды.
Айта кетсек, бұған дейін ТЖМ Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Прибрежное, Ольшанка ауылдарында, сондай-ақ Петропавл қаласының Заречный кентінде су тасқынына қарсы белсенді жұмыстар жалғасып жатқанын мәлімдеген болатын.
Ведомство басшысы ТЖМ бөлімшелері жергілікті атқарушы органдармен, құқық қорғау органдарының күштері, Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілерімен және еріктілермен бірлесіп қорғаныс құрылыстарын нығайту, су айдау және тұрғын үйлер мен инфрақұрылымды тасқын сулардан қорғауды қамтамасыз ету бойынша қабылдап жатқан шаралармен танысты.
Су тасқынына қарсы штабтардың жұмысы тәулік бойы жалғасуда, ахуалға мониторинг тұрақты негізде жүзеге асырылуда.
Еске салсақ, бұған дейін Қызылжар ауданы Тепличное ауылының маңында орналасқан Первениц саяжай қоғамында ТЖМ қызметкерлері бөгетті нығайту жұмыстарын жүргізіп жатқанын жазған болатынбыз.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар