Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?СҚО-да Lexus және «ВАЗ-2104» көліктері соқтығысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға 16 маусымда сағат 07:55-те Тайынша ауданы Аймақ ауылының маңындағы Көкшетау-Омбы автожолының 53 шақырымында болған.
Алдын ала анықталғандай, Lexus автомашинасы Көкшетау қаласынан келе жатып, қарсы жолаққа шығып кеткен.
ЖКО салдарынан 7 адам зардап шекті: 5 адам оқиға орнында қайтыс болды, оның ішінде екеуі көлік жүргізушілері. Қалған зардап шеккендер медициналық көмек көрсету үшін Көкшетау қаласындағы ауруханаға жеткізілді. Жүргізушілерден медициналық куәландыру жүргізу үшін қан алынды, - делінген ҚР ІІМ баспасөз қызметі таратқан мәліметте.
ЖКО фактісі ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан іс-әрекет» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Қажетті сараптамалар тағайындалды.
Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары