22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыСҚО прокуратурасы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мүлкінің уәкілетті органдар тарапынан сақталуын бақылаудың жоқтығынан «Қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру қағидаларын» өрескел бұзушылықтарды анықтады. Нәтижесінде жетім балалардың құқықтары қорғалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қадағалау органының ақпаратына сүйенсек, Айыртау ауданының Балаларды қолдау орталығы аталған ауданның Лобаново ауылында орналасқан тұрғын үйде үлесі бар ата-анасының қамқорлығынсыз қалған алты кәмелетке толмаған бала тәрбиеленуде. Қағидалардың белгіленген талаптарына қарамастан уәкілетті орган ұзақ уақыт бойы мүлікті басқару және бақылау шараларын қабылдамаған. Осындай әрекетсіздіктерге байланысты аталған тұрғын үйге 2024 жылдың тамызынан бастап заңды негізсіз бейтаныс адам қоныстанған.
Ал Мамлют ауданында «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңының талаптарын бұза отырып, жетім балаларға арналған 2 коммуналдық пәтерде басқа адамдар тұрған.
Тағы бір жағдайда, Ақжар ауданындағы Балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушісінің әкесі қайтыс болғаннан кейін облыстағы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының бірінің жарғылық капиталындағы жер үлесі қалған.
Құрылтай құжаттарына сәйкес кәмелетке толмаған адамның банк шотына жыл сайын әлеуметтік көмек келіп түскен. Алайда уәкілетті органның бақылауының болмауына байланысты 2024 жылы талап етілетін төлемдер жетім баланың банктік шотына жіберілмеген.
Қабылданған қадағалау шараларымен жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың бұзылған құқықтары тұрғын үйді бөгде адамдардан босату және әлеуметтік көмек төлеу арқылы қалпына келтірілді. Жетім және ата-ананың қамқорынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау мәселелері қадағалау органының бақылауында,-делінген прокуратура мәліметінде.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев