11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекӨнеркәсіп және құрылыс министрлігі су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстарының барысы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ведомство мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданында 154 тұрғын үй құрылысы белсенді жүргізілуде. Сондай-ақ зардап шеккен 1 099 үйде жөндеу жұмыстары жалғасуда, оның ішінде 252-сінде аяқталған.
Бұдан басқа, су тасқынынан зардап шеккен ауыл тұрғындары үшін үйлер сатып алынуда. Қызылжар ауданында барлығы 40 үй сатып алынды.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Ахуалдық орталығының мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысында барлығы 3 993 объектіге техникалық тексеру жүргізілді, оның нәтижелері бойынша келесі шаралар жоспарланған:
- 700 тұрғын үй салу – 100 аяқталды;
- 1 329 тұрғын үй сатып алу – 564 сатып алынды;
- 1 964 тұрғын үйде жөндеу жұмыстарын жүргізу – 74 аяқталды.
Жұмыстар инфрақұрылымды қысқа мерзімде қалпына келтіру және тұрғындарды жаңа тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында жалғасуда.
11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды10 Қыркүйек, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес