6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерСолтүстік Қазақстанда су тасқыны салдарын жою үшін өңірлерден келген құтқарушыларды салтанатты шығарып салу рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Теріскей өңірдегі жұмыстарға Астана қаласы, Түркістан және Қостанай облыстары ТЖД қызметкерлері, сондай-ақ "Қазселденқорғау" және Апаттар медицинасы орталығының мамандары азаматтарды алдын ала эвакуациялауға, авариялық және іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысқан болатын.
Құтқарушыларға ТЖМ басшылығының атынан ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы полковник Рамиль Камалов алғысын білдірді. ТЖМ қызметкерлерінің еңбегін облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов те атап өтті.
Айта кетсек, республика бойынша су тасқыны кезінде эвакуацияланған 38 254 адам өз үйлеріне оралды. 6 727 адам эвакуациялау пунктерінде орналасқан.
Су тасқыны бастағалы бері 12 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды. 6,6 млн астам қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі