Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыСолтүстік Қазақстан облысында екі жас балықшы құтқарылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бүгін 12-13 жас аралығындағы үш бала Солтүстік Қазақстан облысы Мамлютский ауданының Покровка ауылынан Ахиповка көліне балық аулауға аттанған. Алайда қатты жел олардың қайығын аударып жібергенде, жағада тұрған балалардың бірі 112 нөмірі арқылы құтқарушыларды шақыртты.
Өтініш беруші қатты қобалжып, ұзақ уақыт бойы өзінің нақты орналасқан жерін атай алмай тұрды. Бұл аймақта көлдер көп болғандықтан, жедел кезекші баланы тыныштандырып, жергілікті құтқарушыларды дұрыс бағыттау үшін баланың не көріп тұрғаны туралы ұқыптап сұрастырған.
Шақырту орнына келген ТЖМ қызметкерлері полиция қызметкерімен бірге балаларды жағаға аман-есен жеткізіп, жедел медициналық жәрдем бригадасына табыстады, - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.
Суда қайықты ұстап тұрған зардап шеккендер қатты тоңып қалғаны белгілі болды.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары