23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіСҚО-да Сібір елігін атқан төрт ер адам ұсталды, – деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының полициясына Kia Sorento жол талғамайтын көлігін мінген бейтаныс адамдардың Жалтыр көлі маңында жануарлардың етін мүшелеп жатқаны туралы телефон қоңырауы келіп түсті.
Полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы төрт ер адамды ұстады. Анықталғандай, ұсталғандар екі сібір елігін атып алған.
Тексеру барысында полиция қызметкерлері оқиға орнынан екі пышақ, Вепрь маркалы карабиндер, тегіс ұңғылы мылтық, патрондар тәркіледі.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 337-бабының 4-бөлігі (Заңсыз аңшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сараптамалар тағайындалды.
Істің мән-жайын жан-жақты зерделеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде, олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданатын болады.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады