7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Облыста су тасқынынан зардап шеккендерге үй салуға көмектесу үшін құрылыс жасақтары құрылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл бастаманы «Ауыл» партиясы көтерген. Бүгін "Ауыл" партиясының төрағасы Серік Егізбаев пен СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов құрылыс жасақтарымен кездесіп, белсенділік танытқаны үшін алғыс айтып, бұл қозғалыстың маңыздылығына тоқталды. Жасақтардың қатарында құрылыс бойынша маманданған жергілікті колледж студенттері болады.
Бүгінде облыста инфрақұрылымды салу және қалпына келтіру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Барлық аудандардан келген механикалық бригадалар зардап шеккен аудандар мен ауылдардағы үйлерді қалпына келтіріп, жөндеу жұмыстарын жүргізілуде. Зардап шеккен тұрғындар үшін пәтерлер сатып алынды.
"Солнечный-2 шағын ауданында 520 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Мұнда құрылыс бригадаларының көмегі мен еңбегі өте маңызды болмақ. Зардап шеккендердің жаңа үйлерге тезірек қол жеткізуі үшін барлық күш пен құралдарды пайдалану керек", деп жазды облыс әкімі әлеуметтік желіде.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?