11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекСолтүстік Қазақстан облысында полиция қызметкері тұрғынды өрттен құтқарды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Polisia.kz мәліметінше, 13 маусымға қараған түні Жамбыл ауданының Кладбинка ауылында Мир көшесі бойында орналасқан үйден өрт шықты.
Түнгі 01:40 шамасында патрульдеу барысында учаскелік полиция инспекторы Азат Әнуарбек жалынды байқайды. Сол кезде көршілерден қоңыраулар келіп түсе бастады. Оқиға орнына жедел жеткен полиция капитаны Әнуарбек үйдің төбесі мен кіреберіс есігі отқа оранғанын көрген. Учаскелік полиция инспекторы бұл үйде 53 жастағы ауыл тұрғыны тұратын жақсы білетін. Өрттің ар жағынан дауыс естілді. Азат терезені сындырып, түтін басқан үйді тексеруге кірісті. Ол еденмен өрмелеп, түпкі бөлмеден көмекке шақырған үй иесіне жетті. Азат оны сынған терезеге қарай жеткізіп, сол жерден көршілері үй иесінің де, құтқарушының да сыртқа шығуына көмектесті, - делінген мәліметте.
Келіп жеткен өрт сөндіру қызметкерлері өртті ауыздықтады. Ауыл тұрғынына медициналық көмек қажет болмады. Өз-өзіне келген үй иесі полиция қызметкеріне батыл әрекеті үшін шын жүректен алғысын білдірді.
11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды10 Қыркүйек, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес