Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?СҚО-да полицейлер орманда жоғалған зейнеткерді іздеп тапты, — деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасап El.kz интернет порталы.
Жамбыл ауданының учаскелік инспекторы Бекзат Қайсаев профилактикалық іс-шара кезінде Троицкое ауылының зейнеткерінен оның жұбайы саңырауқұлақ теріп жүріп, орманда адасып кеткені туралы қоңырау қабылдаған.
Іздеу жұмыстары шамамен үш сағатқа созылды. Нәтижесінде ауылдан 10 шақырым жерден зейнеткер әйел табылды. Ауыл тұрғыны бала кезінен жер жағдайын жақсы білетінін, алайда бұл жолы бағдарынан жаңылып, кешке дейін орман ішінде жүргенін айтқан.
Полицейлер азаматтарға табиғат аясына шыққанда барынша сақ болуды, бөлінбей бірге жүруді, алдын ала бағдар белгілеуді және өзімен әрдайым телефон алып жүруді қатаң ұсынады.
Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары