6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерХалықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтарын қорғау бойынша қадағалау жұмыстары шеңберінде жеке табыс салығын және басқа да төлемдерді негізсіз ұстап қалу түрінде өрескел бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.
Мамлют, Шал ақын, Тайынша аудандарында жұмыс берушілер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодекстің 2022-2023 жылдар бойынша 346-бабын бұза отыра мүгедек балалардың 74 заңды өкілдерінен жалпы сомасы 6,6 млн теңге жеке табыс салығы ұсталған, ал шын мәнінде соңғысы оларды төлеуден босатылған.
Ақжар ауданында 19 мүгедекке қатысты Кодекс талаптарына қайшы көлік салығы мен мемлекеттік баж салығы заңсыз ұсталған. Прокурорлық қадағалау актілері бойынша мемлекеттік кіріс органдары жоғарыда аталған тұлғаларға 2,3 млн теңгені қайтаруды қамтамасыз етті, қалған сома бойынша жұмыс жалғасуда.
Халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтарын қорғау сұрағы прокуратураның ерекше бақылауында.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі