Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекСолтүстік Қазақстан облысында Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына арналған республикалық ғылыми-теориялық конференция өтті. Оның жұмысына шетелден және еліміздің белгілі ғалымдар, әдебиетшілер мен ақындар қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Облыстық әкімдіктің мәліметінше, жиналған қауымның алдында сөйлеген өңір басшысы Айдарбек Сапаров Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңірге жұмыс сапары кезінде Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойын жоғары деңгейде өткізу, елге ой салатын, тағылымы мол нақты шаралар ұйымдастыру қажеттігін тапсырғанын атап өтті.
Биыл өңірімізде Мағжан жылы деп жарияланды. Кемеңгер ақынның 130 жылдық мерейтойына орай сан алуан мәдени шаралар өтуде. Ұлы ақынның баға жетпес шығармашылық мұрасын насихаттау ұлттық құндылықтарымызды қастерлеуге, өскелең ұрпақ бойына дарытуға бағытталып отыр. Бүгінгі таңда өңірімізде де, елімізде де Мағжанның бай әдеби мұрасын жинақтау, ақынды ұлықтау бағытында атқарылған істер аз емес. Мағжанды тану жұмысы одан әрі де жалғаса береді, - делінген мәліметте.
Конференцияда алыс-жақыннан келген әдебиетшілер мен тарихшылар ақынға қатысты тың ойлар айтып, Мағжан әлемін бұрынғыдан да байыта түсуге септігін тигізді.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?