7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Солтүстік Қазақстан облысында жүк көлігін тізгіндеп бара жатқан 67 жастағы шетелдік жүргізуші есінен танып, жол апатына ұшырады. Оқиға Айыртау ауданы аумағындағы «Көкшетау – Рузаевка» тасжолының 141-шақырымында болған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл туралы полицияға куәгерлерден хабарлама түскен. Оқиға орнына патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Ерлан Данкин мен Нұрлан Қожахметов жедел жеткен Олар жолдан шығып, орман жолағына тұрып қалған Renault маркалы жүк көлігін анықтаған.
Белгілі болғандай, 67 жастағы шетелдік жүргізуші ауыл шаруашылығы техникаларын Көкшетау қаласына тасымалдап бара жатқан. Оның айтуынша, рөлде келе жатып кенеттен өзін жайсыз сезініп, есінен танып қалған.
Полицейлер дереу жедел жәрдем шақырып, жүргізушіні аудандық орталық ауруханаға жеткізуге көмектесті. Одан кейін тәртіп сақшылары ауылдық округтің әкімі Жеңіс Мұқашевпен байланысып, арнайы техника ұйымдастыруға жәрдем сұрады. Нәтижесінде жүк көлігі жол жиегіне шығарылып, жақын маңдағы серіктестік аумағына жеткізілді. Полицейлер бір мезетте жүкті күтіп отырған кәсіпорынмен де байланыс орнатып, олар келіп, көлік пен жүкті алып кетті. Қазіргі уақытта жүргізушіге қажетті медициналық көмек көрсетілуде,-делінген облыстық полиция мәліметінде.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?