Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыСолтүстік Қазақстан облысында орман шаруашылықтарының 4 директоры жауапқа тартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық прокуратураның ақпаратына сәйес, орман заңнамасының сақталуын талдау шеңберінде орман алқабына келтірілген залалды өтеу жөнінде шаралар қолданбау, сондай-ақ «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының тиісінше орындалмауы, оның ішінде есепке алынбаған ормандар бойынша жұмыс жасалмауы сияқты өрескел заңбұзушылықтар анықталды.
Орман кодексінің талаптарына қарамастан, облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының лауазымды қызметкерлері 2006 жылдан бастап Петропавл елді мекендерінің жерлерін кеңейту мақсатында орман алқаптарын алып қойғаны үшін 53 млн теңгеге орман шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу жөнінде шаралар қабылдамаған. «Ақан-сері», «Бұрлық», «Мамлют» және «Есіл» орман шаруашылықтары Кодекс талаптарын бұза отырып, 2023 жылы орманды молықтыру көлемін ұлғайту бойынша көрсеткіштерге қол жеткізбеген, – делінген прокуратура хабарламасында.
Басқа жағдайда, агроөнеркәсіптік кешен субъектісінің Экологиялық кодексті елемеуі салдарынан орман алқабының аумағында аммиак төгіліп, орман қоры бүлінген. Бұл ретте орман мекемесі залалды өтеу бойынша уақтылы шаралар қабылдаған жоқ.
Прокурорлық қадағалау актілері бойынша мемлекетке 53,2 млн теңге залал өтеліп, орман мекемесінің 4 директоры тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары