Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрСолтүстік Қазақстан облысы Рублевка елді мекенінің маңында қамысқа жай түсіп, арты өртке ұласты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желіде алапат өрттің бейнежазбасы пайда болды. Куәгерлердің айтуынша, Аққайың ауданы Рублевка елді мекенінің маңы жанып, ауылға қауіп төнді.
СҚО төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бүгін сағат 14.50 минут кеткенде Аққайың ауданы Смирнов елді мекеніндегі №9 өрт сөндіру бөліміне Рублевка елді мекенінің маңында өрт шыққандығы жөнінде хабар түскен.
Оқиға орнына бір техника және жеке құрамнан үш адамы бар кезекші қарауыл жетті. Мамандар келгенде батпақтағы қамыс жанып жатқан.
Өртті сөндіруге, сондай-ақ «И.Зенченко» ЖШС техникалары мен жұмысшылары, Аққайың орман шаруашылығының 6 қызметкері мен 2 техникасы жетті.
Мамандардың айтуынша, өрттің шығуына жайдың түсуі себеп болған.
Аққайың ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Ержан Шәріповтың айтуынша, Рублевка елді мекеніне келер қауіп жоқ. Өрттің жолы жыртылды.
«Аудан әкімімен бірге оқиға орнында жүрміз. Екі-үш ошақ қана қалды сөндірілмей, олардан келер қауіп жоқ, өйткені айналасын бәрін жыртып шықтық.
Қазір Аққайың орман шаруашылығының қызметкерлері, жергілікті атқарушы билік өкілдері кезекшілік атқарып жатыр», - дейді Ержан Шәріпов.
Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова