12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікСолтүстік Қазақстан облысында заңсыз аңшылықпен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне сот үкімі шықты. Алайда сотталушылар дәлелді айғақтар бола тұра кінәларын мойындамаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Браконьерлерге Қылмыстық кодекстің 262-бабы 1,2-бөліктері, 337-баптың 6-бөлігі 1-тармағы айып тағылған.
СҚО прокуратурасының мәліметінше, сотта бұлтартпас дәлелдер бола тұра төрт айыпталушы жасаған қылмыстары үшін өз кінәларын мойындамаған. Мемлекеттік айыптаушы Петропавл қаласының 4 тұрғынын облыс орталығының маңында 53 елікті заңсыз атып, мемлекетке 68 миллион теңгеден астам шығын келтіргенін дәлелдеген.
Петропавл қалалық соты прокуратураның пікірімен келісе отырып, барлығын 8 жылдан 11 жылға дейін нақты бас бостандығынан айыруға соттап, олардан келтірілген материалдық шығынды өндіріп алумен үкім шығарды. Үкім заңды күшіне енді,-делінген ведомство мәліметінде.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер