29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАШМ мәліметінше, Westfalia компаниясының қатысуымен «Атамекен-Агро-Корнеевка» ЖШС іске асырған жоба өңірдің сүт өндірісін дамытудағы маңызды қадам болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
2500 бас ІҚМ СТФ жылдық қуаты 7500 тонна сүтті құрайды, бұл өндіріс көлемін едәуір ұлғайтуға және сүт өнімдеріне өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Жобаның құны 11,7 млрд теңгені құрады, - делінген мәліметте.
Westfalia Қазақстан ферманы озық технологиялармен, соның ішінде жоғары өнімділікті қамтамасыз ететін T8900 заманауи сауу каруселімен, жануарлардың жайлылығын арттыру үшін әзірленген инновациялық қора жабдықтарымен, сиырларды ұстау үшін оңтайлы жағдай жасайтын климаттық бақылау жүйесімен жабдықтады.
Бұл ферманы іске қосу «Атамекен-Агро-Корнеевка» ЖШС-нің нарықтағы позициясын нығайтып қана қоймай, Солтүстік Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешенінің дамуына үлес қосады.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек