22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыМеморандум су тасқынынан зардап шеккен отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып жасалған. Құжатқа сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі ұсынған типтік жоба бойынша Петропавл қаласының «Солнечный-2» шағын ауданында 100 тұрғын үй салынбақ, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Меморандум аясында «Қазақмыс» корпорациясы 100 үйдің құрылысы аяқталғаннан кейін мердігерлерге төлем үшін «Қазақстан халқына» қорына қайырымдылық көмек ретінде 2,4 млрд теңге аударады.
Үшжақты құжатта су тасқынынан зардап шеккен отбасыларды тез арада баспанамен қамтамасыз ету мақсатында барлық тараптардың міндеттері мен функциялары айқындалған.
«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС тұрақты дамыту жөніндегі директоры Сәкен Шаяхметов компания қаржысына салынған үйлер табиғи апат салдарынан баспанасынан айырылғандар үшін бизнес пен мемлекет тарапынан қолдаудың нақты символына айналатынын атап өтті.
«Қазақстан халқына» қоғамдық Қорының басқарма төрағасы Болат Жәмішев барлық рәсімдердің ашықтығы мен қоғамдық бақылаудың сақталуы құрылыс сапасын қамтамасыз ететінін атап өтті.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов әріптестерге қолдау көрсеткені үшін алғысын білдіріп, апаттың салдарын сәтті еңсеру үшін күш-жігерді үйлестіру және зардап шеккен отбасыларға нақты көмек көрсету қажеттігін атап өтті.
Жергілікті атқарушы органдар Тапсырыс беруші ретінде залалды бағалауға, құрылыс есептерін дайындауға, жер телімдерін бөлуге, жобалық-сметалық құжаттаманы келісуге, тәуелсіз сараптамалық (бағалаушы) компаниялар мен қоғамдық ұйымдарды тарта отырып, мердігерлерді таңдап, бар ақпаратты және қажетті құжаттарды ұсынады. Жаңа баспана алатындар үшін өз ісін дамытуға несие алу мүмкіндігі оң әсерін тигізеді.
Бұған дейін сәуір айында Қор қаражаты есебінен Солнечный 2 шағын ауданында 100 тұрғын үйдің құрылысы басталған болатын. Енді «Қазақмыс» корпорациясының қолдауымен салынатын баспананың саны екі есеге өспек. Бұл тасқын салдарынан баспанасынан айырылған 200 отбасыға күзге дейін қоныс тойын атап өтуге мүмкіндік береді.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев