Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекСейдахмет Бердіқұлов атындағы «Үздік спорт журналисі» байқауына өтінімдер қабылдау басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті 2024 жылдың 1 желтоқсанына дейін спорт тақырыбына маманданған БАҚ өкілдері арасында белгілі қаламгер, көрнекті көсемсөз шебері, қазақ спорт журналистикасының негізін қалаушы Сейдахмет Бердіқұлов атындағы дәстүрлі байқауға материалдар қабылдау басталғанын мәлімдеді.
Конкурс жыл сайын желтоқсан айының екінші жартысында үш номинация бойынша өткізіледі:
«Үздік спорттық телевизиялық репортаж»;
«Үздік спорттық жарияланым»;
«Үздік спорттық фоторепортаж».
Конкурсқа қатысу үшін мына құжаттарды ұсыну қажет:
Бір номинация бойынша конкурсқа қатысу үшін еркін нысандағы өтініш (өтініш тек бір номинация бойынша қабылданады);
Конкурсқа қатысушының шығармашылық қызметінің қысқаша сипаттамасы;
Спортшыға немесе спорттық оқиғаға қатысты эфирге шыққан, баспа және электронды БАҚ-та 2024 жылы жарық көрген жұмысты ұсыну.
Жұмыстар қағаз түрінде де, электронды түрде де қабылданады.
Байқауға қатысушыларға қойылатын басты талаптар:
Үміткерлер Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада, әлем және Азия чемпионаттарына, Әлем кубогіне, халықаралық жарыстарға және Қазақстан біріншіліктеріне арналған жарияланымдар (очерктер, мақалалар, талдаулар, телетрансляциялар, телекөпірлер және т.б.);
Қазақстандық БАҚ-та бұқаралық спортты, балалар мен жасөспірімдер арасындағы спортты, ерекше адамдар арасындағы және ұлттық спорт түрлерінен спорт ойындарын (спартакиадалар, турнирлер, ұлттық спорт түрлері фестивалі, ауыл спорты) насихаттау;
Сондай-ақ елімізде дене шынықтыру және спорт саласының проблемаларын көтеру және оның шешу жолдарын көрсету, лицензиялық жарыстарды насихаттау (теле және радио түсірілімдер мен бағдарламалар, интернет, газет және журналдағы мақалалар мен очерктер) құпталады.
Байқауға 2024 жылы шыққан авторлық жұмыс (кітап, спорттық энциклопедиялар, т.б.) да қатыса алады. Өтініштер мен мақалалар Астана қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 8 үй, 6 қабат, Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметіне немесе sportpress86@mail.ru электрондық поштасы арқылы («2024 жылғы С.Бердіқұлов атындағы байқауға» деген белгімен) қабылданады.
Қабылдау мерзімі – 2024 жылдың 1 желтоқсанына дейін. Байқаудың жеңімпаздары диплом және ақшалай сыйлыққа ие болады.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?