Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарТуризм және спорт министрінің бұйрығымен Руслан Есеналин Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Руслан Есеналин 1976 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, Қазақ мемлекеттік заң академиясының Мемлекеттік қызмет институтын, Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.
Әр жылдары Солтүстік Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт мектептерінде бокстан және кикбоксингтен жаттықтырушы-оқытушы болып жұмыс істеген. Сонымен қатар Солтүстік Қазақстан облысының штаттық ұлттық командалар және спорт резерві дирекциясында Қазақстан Республикасы бойынша кикбоксингтен мемлекеттік жаттықтырушы болған.
2008-2012 жылдар аралығында Солтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының орынбасары, 2012-2020 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, 2020-2024 жылдары «Құлагер» хоккей клубының директоры қызметін атқарды.
2024 жылғы 5 маусымнан бастап «Астана» олимпиадалық даярлау орталығы РМҚК директорының орынбасары болып жұмыс істеді.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?