6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер18-21 маусым аралығында Қытайдың Цзуньи қаласында спорт гимнастикасынан Азия чемпионаты өтеді. Осы орайда Қазақстан ерлер құрамасының бапкерлер штабы чемпионатқа қатысатын құрамды жариялады.
Құрлық біріншілігінде ел намысын қорғайтын спортшылар:
- Милад Карими (еркін жаттығулар, қол тіреп секіру, ат снарядында және кермедегі жаттығулар)
- Ильяс Азизов (көпсайыс)
- Дмитрий Патанин (еркін жаттығулар, қол тіреп секіру, сақиналардағы жаттығулар, қоссырық және керме)
- Роман Хегай (көпсайыс)
- Дияс Тойшыбек (ат снарядындағы жаттығулар, қоссырық және керме)
- Нұртаң Ыдырысов (көпсайыс)
Қазір гимнасттар Бейжіңдегі (Қытай) оқу-жаттығу жиынында жүр. Отандастарымыз Қытай ұлттық құрамасымен бірге дайындалып, алдағы Азия чемпионатына дайындықты пысықтап жатыр.
Айта кетейік, алдағы Азия чемпионаты – 2026 жылы өтетін Азия ойындары мен әлем чемпионатына іріктеу жарысы. Жолдама командалық жарыстардың қорытындысы бойынша сарапқа салынады. Бастысы, Азия ойындарына қатысатын нақты құрам осы құрлық біріншілігінен кейн нақтыланады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі