22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыТеміржол паркінің 60 пайызының тозы шыққан. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Депутат мәжіліс отырысында өз сауалын көлік министрі Марат Қарабаевқа жолдады.
Теміржолда қашан тәртіп орнайды? 30 жылдың ішінде теміржолды табыс көзіне ғана айналдырған бұрыңғы басшылардың тек қаржы табумен ғана айналысқанын біз жақсы білеміз. Сол ескі Қазақстан өкілдері сөлін сорып, бізге тек қаңқасын қалдырды. Айта айта жақ талды. Жылдағы жыр, сапа – нөл. Совет заманынан қалған ескі вагондар сүйретіліп әлі жүр. Теміржол паркінің 60 пайызының тозы шыққан. Министрлік не дейді? 2030 жылға дейін жарылқаймыз дейді. Бірақ біздің ҚТЖ-ға бәрі бір. Өйткені шекелері шылқып жүрген менеджерлерге Қазақстан теміржолының құны көк тиын. 26 жылда жарытпаған саланы 7 жылда жарылқайды дегенге жан баласы сенбейді. Өйткені, үнемі айтатындары ертегі. Айтындары аңыз, - деді Толықбай.
Депутат 2030 жылға дейін қалған вагондардың 80 пайызы тозып кетуі мүмкін екенін айтты.
Екі қолды мұрнымызға тығып отырмасымызға кепілдік бере аласыз ба? Терезесі ашылмайтын, кондиционерлері істемейтін қабырғасында тарақандар жүретін ескі вагондардың өзіне жаз мезгілінде билет таппайсың. Тапсаң бағаның өзі қымбат сөйте тұра біз билетті субсидиялауға жыл сайын сытырлатып миллиардтарды санап береміз. Пойыздардың жиі кешігетінін мен айтпай-ақ та қояйын. Кестеден 1-2 сағаттан кешігуі біз үшін үйреншікті жағдай болып қалған. Сөйте тұра туризмді түлетеміз дейміз. Бізде туристік маршруттарға арналған стратегиялық жоспар керек. Тоқетері мынау, ескі Қазақстанның мұрасы болып қалған теміржол мәселесін қашан шешесіздер? 26 жыл күттік. Әлі қанша күтеміз? Замануаи вагондарға кезексіз, тиімді бағада мінетін күн туа ма бұл қазаққа, - деді Мақсат Толықбай өз сауалында.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев