12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікҚазақстанда сотталғандарды шартты түрде мерзімінен бұрын босату институты жетілдіріледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында әділет вице-министрі Алма Мұқанова айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Вице-министр «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырды.
Заңнамада айтылғандай, елімізде сотталған азаматтар шартты түрде мерзімінен бұрын босату институтын жетілдіру көзделген.
Олар:
- ауырлығы аз немесе орташа қылмыстар жасағаны үшін адамдарға қатысты шартты түрде мерзімінен бұрын босату үшін жалпы мерзімді төмендету (ҚК 72-бабының 3,4-бөлігі);
- өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталғандарға қатысты шартты түрде босату қолданылғанда пробациялық бақылаудың 10 жылдық мерзімін белгілеу;
- сотталғандарды шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға тыйым салуды белгілеу:
1) бас бостандығынан айыру түріндегі жаза ҚК-нің 73-бабының тәртібімен бас бостандығын шектеуге ауыстырылған;
2) жазасын өтеуден бұрын шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған өмір бойына бас бостандығынан айыруға;
3) өмір бойы бас бостандығынан айыруды өтеу кезеңінде қылмыс жасаған;
4) азаптау үшін.
Еске сала кетейік, бұған дейін Әділет министрлігінің Қылмыстық жазаларды тағайындау түрлері мен тәртібін өзгертілетіні жөніндегі мәлімдемесін жазған болатынбыз.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер