30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыҚР Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы – «Сот және сот төрелігі» бағдарламасы бойынша бір жылдық магистратура шеңберінде сот жүйесі үшін кадрларды арнайы даярлаумен айналысатын жоғары оқу орны оқыту мемлекеттік тапсырыс бойынша да, ақылы негізде де жүргізіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Академияның вице-ректоры Қанат Мусиннің айтуынша жыл сайын магистратурада 60 адам тегін және 40-тан астам адам ақылы түрде оқиды.
Магистратурада сот жүйесі үшін кадрлар даярлауға байланысты іске асырылып жатқан білім беру бағдарламасының ерекшелігі сот ісін жүргізуге байланысты барлық пәндер бойынша тәжірибеге бағдарланған оқыту болып табылады, - делі спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Оқу процесінде оқытудың әртүрлі интерактивті әдістері қолданылады: сот процестерін жүргізуге арналған рөлдік ойындар, бинарлық сабақтар, пікірталастар, ой-талқылар, дөңгелек үстелдер, конференциялар және т.б. Академияда арнайы аудиториялар: сот қызметіне арналған атрибуттары бар азаматтық, әкімшілік және қылмыстық істер бойынша сот залдары жабдықталған.
Оқытушылар құрамының 75%-дан астамы қазіргі және отставкадағы судьялар. Академиядағы оқудың ерекшелігі – оқуға түсетін мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік қызмет өтілі сақталады, ал стипендия жұмыс орны бойынша лауазымдық жалақы деңгейінде төленеді. Оқу аяқталған соң біліктілік емтиханын тапсырғаннан кейін олар соттардағы тағылымдамадан босатылады, - деді Қанат Мусин.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды