«Сот шешімі әділ болатынына күмәнім жоқ». Сенат төрағасы Бишімбаев соты туралы

14 Наурыз, 14:24 1133

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Қуандық Бишімбаевтың сотына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды EL.kz  ақпарат агенттігі.

Менің ойымша, бұл іске нүкте қойылған соң, біз қарастырып жатқан тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейту туралы заң қабылданғаннан кейін кез келген жағдайда қоғамымызда елеулі өзгерістер болады. Біздің қоғам қазірдің өзінде басқаша. Бір жыл бұрынғымен салыстырғанда қазір адамдар отбасындағы зорлық-зомбылық фактілерін басқаша қабылдайды. Қазір адамдар үндемей отырмайды, әйелдер өз наразылықтарын білдіріп, бұл туралы ашық айтады, - деді Сенат төрағасы.

Мәулен Әшімбаев алдағы сот шешімі әділ болады деп сенеді.

Сот шешімі әділ, объективті және заңды болатынына күмәнім жоқ. Сот та, Жоғарғы сот басшылығы да қоғам алдындағы жауапкершілігін түсінеді деген ойдамын. Осы жағдайда біреулер қандай да бір манипуляцияға түседі деп ойламаймын. Сондықтан журналистер де жағдайды сабырмен қабылдағаны жөн. Қазір барлығы да процестің объективті, әділ және заңды өтуіне мүдделі, - деді Мәулен Әшімбаев.

Еске салайық, Астанада Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған бұрынғы ұлттық экономика министрі  Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау өткен еді.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: