23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Республика бойынша барлығы 225 «SOS» батырмасы жұмыс істейді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жалпы құрылғы іске қосылғаннан бері полицияға 124 өтініш түсті. Ал жыл басынан бері - 18 өтініш. Олардың барлығына ден қойылып, тиісті шаралар қабылданды.
Мәселен, жақында елордалық полицейлер жоғалған баланы үйіне жеткізген болатын. Бала инспектормен байланысу үшін саябақта орнатылған дабыл батырмасын қолданған.
Осылайша, Көктал саябағында орналасқан “SOS” дабыл түймесіне жауап берген бала өзінің адасып қалғанын хабарлаған. Оның қоңырауы бірден Жедел басқару орталығының полиция қызметкеріне қосылған. Сөйтіп бейнекамера арқылы қосылған жүйе барлық деректерді автоматты түрде жазып алып, хабарламаға жылдам жауап беруге мүмкіндік болған. Қоңырау қабылданып, дереу өңделген.
Оқиға орнына жедел жіберілген патрульдік полиция полкінің автопатруль қызметкерлері 8 жасар баланы үйіне жеткізіп, ата-анасына аман-есен тапсырған. Астана қаласының тәртіп сақшылары ата-аналарға баланың мінез-құлқын бақылау қажеттігін айтып, оларға тәрбиелік міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін тиісті жауапкершілікте қарастырылатынын ескертеді.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік