Жаңалықтар

Соңғы вальс: Қазнетті тәнті еткен түлектер

26.05.2026 16:20
Айзат Айдарқызы
Фото: ЖИ көмегімен жасалды

Соңғы қоңырау салтанатында қоштасу вальсін билейтін әдемі дәстүр бар. Жыл сайын түлектер ерекше дайындалады. Арасында сыныптасымен емес, ағасы, әкесі не өнер жұлдызымен билейтін түлектер де бар. Биыл әлеуметтік желіде сіңлісін жалғыз қалдырмаған әпкесі көпті тәнтті етті. 

Ерекше баламен вальс билеген ұстаз

№83 мектеп-гимназия 11 «Н» сынып жетекшісі Жұлдызай Таңатқанқызы  оқушысы  Максим Цоймен бірге қоштасу вальсін билейді. Оның айтуынша, Макисмнің денсаулығында кінәрат болғанымен, білім алудан, жаңаны үйренуден жалыққан емес. Ұстаз бен шәкірттің биі желі қолданушыларын тәнті етті. Көпшілік осындай маңызды күні оқушысын жалғыз қалдырмаған мұғалімге алғыс айтты. 

Максим Цонй – дарынды оқушым және осы мектептің түлегі. «Алтын белгіге» үміткер. ҰБТ сынақ тесттерінен 130-133 балл жинап жүр. Максим 18-ші Республикалық Президент олимпиадасының 3 дәрежелі диплом игері. Максим денсаулығындағы қиындықтарға қарамастан білімді болуға ештеңе кедергі емес екенін дәлелдеді. Максимді қолдағандарыңыз – оның болашағына үлкен мақсат болады деп ойлаймын, – деді ұстазы.

«Сен үшін тау қопарамын»

Астана қаласындағы мектептердің бірінде Аружанның әпкесі Айзере сіңілісіне қолдау білдіріп, бірге вальс биледі. Аружанның жұбы бастапқыда дайындыққа келіп жүргенімен, соңғы қоңырауға аз қалғанда телефон қоңырауына жауап бермей, жоқ болып кеткен. Сіңілісінің көңілін көтеру үшін сіңлісі Айзере бірге вальс билейді.

Апалы-сіңлінің арасындағы махаббаттан асқан ештеңе жоқ. Әрқашан жаныңда боламын әрі сен үшін тау қопаруға бармын, менің сүйікті сіңілім, – деп жазды әпкесі Айзере әлеуметтік желіде.

Жанкүйерінің көңілін қалдырмаған әнші

@jann1.js memories for life ❤️ #janni #salseri #singer #25майвальс #recommendationsforyou @salserimusic ♬ Ordinary - Alex Warren

Жас әнші Мәди Рымбаев Алматыдағы мектептердің біріндегі соңғы қоңырау салтанатына қатысты. Жай ғана қатысып қоймай, өзінің жанкүйері Жаннамен қоштасу вальсін биледі. Оның айтуынша, тыңдарманы әншімен алдын ала келісіп, оны жұп болып билеуге шақырған. Мәди 20 минут бұрын келіп, екеуі би қимылдарын жылдам жаттап алған. Алматылық ару әлеуметтік желіде әншіге рақметін айтып, жазба жариялады. 

Қолдауың үшін рақмет, – деп жазды әнші Мади Рымбаев. 

Оқи отырыңыз